
«Ұлтаралық қақтығыс — ең ауыр, ең күрделі мәселе. Ол сан мыңдаған адамның өмірін жалмады. Талай халық жойылды. Біз жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс мекендеген елміз. Соған қарамастан, татулықты ту етіп, бірлікті, теңдікті сақтап келеміз» дейді ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Анарбек Нодияров.
Оның пікірінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қойған негізгі мақсаты елдің бірлігін нығайту. Бұл – түрлі этнос өкілдерін бір шаңырақ астына топтастыру деген сөз. «Осыған байланысты облыс орталықтарында түрлі этностық мәдени орталықтар құрылды. Бұл тәжірибенің бүгінде өз тиімділігін көрсетіп отырғанына куәміз. Ендігі жерде Ассамблея рухани жаңғыру бағдарламасының сәтті жүзеге асуына тікелей араласатын болады» дейді ол.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА