jasqazaq.kz

«Аналар үйінен» аналар безіп жатыр

19 ақпан 2019, 21:35

Тағдыр тәлкегіне түсіп, пана іздеген талай әйелге қамқор болған Көкшетаудағы қоғамдық мекемеден 3 келіншек құндақтаулы баласын ала қашқан. Сақылдаған сары аязда алды-артына қарамастан қашып шығуына олар бір ай бұрын ғана үйлестіруші қызметіне келген Құралай Джұмабекова кінәлі дейді. Барар жер, басар тауы қалмаса да, Аналар үйіне қайтып барғысы жоқ. Үйлестіруші қызметінен кетуі керек деп отыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Мына бет жыртысып, айғайлап тұрғандар сәбилеріне де қарап жатқан жоқ. Үйлестіруші Құралай ханым да қой демеді. Аналар үйінде бұл жағдай күнделікті әдетке айналған сияқты. Өйткені жаңа келген үйлестіруші бізді екіге бөліп тастады. Онымен қоймай, қорқытып ұстайды дейді жас аналар.

Жанар:

— Бұлардың қолдарынан ештеңе келмейді. «Тұратын жерлерің жоқ, жұмыс істемейсіңдер» деп баламды алып қояды деп қорықтым. Әлі күнге дейін қорқам ол адамнан.Өйткені өзінің таныстарымен қорқытады.

Жас аналар үйлестірушінің бұл сөздерінен жайдан жай жасқанып отырған жоқ. Құралай Жұмабекова бұған дейін «Бала асырап алуға қолдау көрсету орталығын» басқарған. Сондықтан олар қашып бара жатса да, өз қолдарымен өтініш жазып кеткен. Іздеп таба ма деп қорықтық дейді. Мұндағы жағдай демеуші кәсіпкерлерге де жетіпті.

Сәуле Әмірсарина, жеке кәсіпкер:

— Үйлестіруші ауысқан соң, келіншектер түйткілге тап келді. Олар өздеріне қысым көрсетілетінін айтты. Демеушілер әкелген тамақ пен жөргектер, басқа да заттарды Құралай үйіне алып кетеді, жуынатын заттар жоқ дейді. Біз жеке кәсіпкерлер ғана емес, ірі кәсібі барлар да көп көмек жеткізеді мұнда. Бұрын жағдайлары жақсы болатын.

Құралай Жұмабекова, «Аналар үйінің» үйлестірушісі:

— Балалар отбасында тәрбиеленсе деймін. Өзім 5 бала асырап отырмын. Ешкімнен тартып алған жоқпын. Балалар үйінен алдым. Осындай өсекшілер өзара тіл табыса алмай неше түрлі әңгіме айтады. Мен оларды қуып жіберген жоқпын. Жөргек, киім-кешек алды дегендері де жалған.

Осы жағдай болғаннан кейін Астанадан Көкшетауға жоба жетекшісі Сәния Әрінова келіп, тексеріс жүргізіпті. Ол қыздардың өздері мұнда тұрғымыз келмейді деп өтініш қалдырғанын айтады. Ал 1 ай ғана жұмыс істеген үйлестірушіні бейнебақылау камерасы арқылы тексеріп те үлгерген. Әрінованың айтуынша, ол судан таза, сүттен ақ. Ал Ана үйінен қашып шықтық деген келіншектер ескі үйде өзге де балалы 5 әйелмен бірге тұрып жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде