jasqazaq.kz

Ана тілімізді қадірлейік!

24 желтоқсан 2021, 10:41

Қазақтың маңдайына біткен алтын көмей әншісі, атағы жер-жаһанға жайылған Димаш Құдайберген егемен елде дүниеге келіп, туған тілін құрметтеп өсті. Қай елдің де сахна төрінде ол қазақша сөйлеп, сол арқылы ана тілін насихаттап жүр. Димаштың өнеріне тәнті болған талай шетелдік қазақ тілін үйренуге бет бұрды. Еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлап жатқан тұста Димаш отандастарын қазақ тілінде сөйлеуге шақырды. Jas qazaq Димаш Құдайбергеннің жүрекжарды сөзін жариялауды жөн көрді.

«Тіл мәселесі мені де толғандырады. Неге десеңіз, қаны қазақ, жаны қазақ, осы елдің азаматы, патриоты есебінде менің ең үлкен арманым бар. Ол – еліміздің әрбір азаматы ана тілімізде қазақша әдеби нормаға сай сөйлесе деймін. Қадыр Мырза Әлі атамыздың
«Ана тілің арың бұл, ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» дегеніндей, әлемнің әр түкпіріндегі мемлекеттердің халқы өз тілдерін ерекше құрметтейді, қадірлейді. Біз де өз ана тілімізге деген құрметімізді арттыруымыз керек.
Қазақ тілі – ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұщымен елді, жерді қорғаған батыр бабамыздың аманаты.
Келер ұрпақ алдындағы біздің міндетіміз – қазақтың үнін, қазақтың тілін, мәдениетін, руханиятын әлемге жар салып насихаттау, дәріптеу.
Әр халық үшін ең әдемі тіл өзінің тілі, қазақ халқы үшін де ең әуезді тіл – қазақ тілі. Өз тілімізбен мақтанбасақ, қадірлесек, насихаттамасақ, ол тіл өзге ешкімге керек те емес.
Замана талабына сай әрбір адам бірнеше тіл білгені дұрыс-ақ. Қазақтың алғыр баласы өзге тілде сайрап тұрып, өз ана тілін білмегені ұят нәрсе. Кейбір адамдар өскен ортасын, айналасын себеп етіп, өз ана тіліне шорқақ болғаны үшін қысылады. Меніңше, қысылмау керек, қайта қазақ тілін білуге талпынғаны, ұмтылғаны дұрыс. Қазақ тілін жетік меңгеру үшін аянмай еңбектеніп, алға жылжуы керек.
Мен дүние жүзіндегі барша көрермендеріме, тыңдармандарыма рахметімді айтамын. Қай құрлықта концерт өткізсем де, менің ана тілімде шырқаған әнімді тыңдаушылар қазақ тілін жете білмесе де, сөзін жаттап, қосыла шырқауға ұмтылады.
Қазақ тілі шарықтап дами берсін, тілімізді қадірлей білейік».

01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство