jasqazaq.kz

«Ана мен бала» мүсіні бала емес, кәрі адам сияқты

21 қантар 2019, 12:47


Әлеуметтік желі қолданушылары Алматыда орнатылған «Ана мен бала» мүсінін талқылап жатыр, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Мүсіннің суреті Facebook желісінде пайда болды. Оны Olzhas Muhamedi есімді қолданушы жариялады.
Суретке қалдырылған пікірлерде қолданушылар мүсінді қорқынышты фильмдердің кейіпкерлерімен салыстырып жатыр. «Сұмдық қой. Тамаша мүсіншілеріміз бар емес пе, ал мына мүсіннің авторы жаңа туған нәрестелердің қандай болатынын білмейтін сияқты. Бала емес, кәрі адам сияқты», — деп жазған қолданушылар. Әуезов аудандық әкімдігінің өкілдері «Ана мен бала» композициясының 2017 жылы орнатылғанын айтады. Оған Әуезов ауданының әкімдігі тапсырыс берген, ал орындаушы — КазСтройПродукт» компаниясы. Қалалық билік өкілдерінің айтуынша, перзентхананың маңындағы «Ана мен бала» мүсіні мердігер ұйымның есебінен әлеуметтік жауапкершілік аясында орнатылған. Әкімдіктегілер осы аумақты абаттандыру аясында екі мың шаршы метр асфальттың жаңартылып, 10,7 мың шаршы метр гүлзардың отырғызылып, 31 орындық пен қоқыс жәшігі орнатылғанын айтып өтті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде