jasqazaq.kz

Ана — барлық көркемдіктің үлгісі

06 наурыз 2021, 17:49


Көктемнің шуақты күні бастала салысымен мейрамдар легін ашатын 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі. Ана – өмірдің шуағы, көңілдің көктемі, ана – күн мен аспан, ана – гүлдердің нәзіктігі, ана – таңғажайып сөздердің жылуы, ана – әр үйдің қуанышты күндері, ғажайып, махаббаттың нұры! Дәл осындай әсерлі, көркем сөздердің иесі аналар үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетіннің ҚФ-101,102,103 оқу топтары 2021 жылдың 6-наурызында Халықаралық әйелдер күніне арналған «АНА – БАРЛЫҚ КӨРКЕМДІКТІҢ ҮЛГІСІ» атты әсерлі әдеби-музыкалық, мерекелік кеш өткізді. Кеш әсем-сазды әуендер, аналарға деген зор ықыласпен орындалған күйлер мен жан тебірентер арнау өлең жолдарымен ерекшеленді.
Атаулы кештің негізгі мақсаты: ақ жаулықты аналардың орнының әр кезде де биік екендігін көрсету, «баламның табанына кірген тікен, менің маңдайыма кірсін» дейтін аналардың, ару қыздардың жеткен жетістіктерін жан-жақты дәріптеу.
Әдеби музыкалық кештің шымылдығын Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Сәткенова Жайна Бағашарқызы құттықтау сөзімен ашты.

Кеш барысында қазақ өнерінің сан қыры көрініс тапты. Оқа Жанат пен Есмағамбетова Шамшырақ мерекелік кештің шырайын келтіріп, әуезді үнімен мәнерлі жүргізді. Нұрғали Мөлдір ән пернесін әуездетіп ана туралы ән шырқаса, Нарзулла Назерке қобыз тартып, Батыл Жанболат күй шертті. Тұрсынбай Зухра, Құдайберген Аяжан, Асқарова Алуа сынды арулар аналарға деген өз арнауларын көңіл толқыта, мәнерлеп оқып берді. Исенбай Мадина әлемдегі батыр аналарға қатысты тың мәліметтер мен құнды ақпараттарға негізделген бейнекөрсетілім көрсетіп, қошеметке бөленді. Барлық студенттер «Ана» туралы жыр жолдарын мәнеріне келтіріп орындап, көрерменнің көңілін көтерді.

Кеш қонақтары мерекелік кештен ерекше әсер алғандарын тарқатып айтып, тілектерін білдірді.

Мерекелік кешті ұйымдастырушылар ҚФ-102,101,103 оқу топтарының куратор-эдвайзерлері: Р.Н. Дәрменқұлова, Н.Ж. Егізбаева, Г.Ж. Өтемісова.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия