jasqazaq.kz

Ән айтатын санитар қазнетті таңғалдырды (видео)

06 тамыз 2020, 11:11

23 жастағы әнші және музыкант Бақытбек Әмірхан Алматыда қалалық модульді инфекциялық ауруханаға санитар болып жұмысқа кірген. Жас жігіт тазалыққа, кварцтауға жауапты, сондай-ақ түрлі ән айтып, науқастардың көңілін көтереді. Талантты жас әртістің жұмыс күндері туралы Almaty.tv телеарнасы көрсетті.Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Пандемияға дейін Бақытбек мейрамханаларда ән айтып, музыкалық конкурстарға қатысқан. Актер шеберлігі курсын өткізіп, театрда жұмыс істеген. Бірақ карантин енгізілгеннен кейін ол волонтер болып, екі ай бойы мұқтаж отбасыларға азық-түлік тасыған. Кейін ауруханаға жұмысқа тұрған.

  1. «Енді келген кезімде мұндағылар «Қайда келгеніңді білесің бе?» деді. Бірақ мен бас тартқым келген жоқ, себебі үйде жатқаннан көмектесіп, ақша тапқаным жақсы деп ойладым. Біз жарты ставка айлық аламыз, жақсы, жетеді. Еден жуамыз, тазалық сақтаймыз, төсеніштерін ауыстырамыз, шаң сүртеміз, кварц қосамыз. Палаталар мен науқастар көп», — деді жас жігіт.

Бақытбектің айтуынша, науқастарға емдеу курсынан бөлек, рухани қолдау мен қамқорлық керек. Сол себепті музыкант оларды көргенде тамақ ішуге көндіріп, денсаулығын сұрайдды. Ол ән айтып беріп, өлең оқиды және сол арқылы науқастардың көңіл-күйін көтережі.

  1. «Баханы бәрі біледі және оны осы жердің Димашы деп айтады», — деп жазды Желі пайдаланушысы Аягүл Ержанова.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия