jasqazaq.kz

Әміржан Қосанов емтихан тапсырды

29 сәуiр 2019, 13:31

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әміржан Қосанов мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Мұндай қорытындыны бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы жанынан құрылған ҚР Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын лингвистикалық комиссия шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Бүгін мемлекеттік тілден емтихан тапсыруға Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы келді. Өздеріңіз білесіздер, емтихан үш кезеңнен өтеді. Жазба жұмысының тақырыбы «ТМД тарихы мен бүгіні» болды. Содан кейін мәтін оқуға ақын Қадыр Мырза Әлінің шығармаларын таңдап алды. Үшінші кезенде «Өнер білім бар жұрттар» деген тақырыпта сөз сөйледі», — деді комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков кандидаттың емтихан қорытындысын жариялай келе. Оның айтуынша, президенттікке кандидат емтиханның барлық үш кезеңінен сүрінбей өтті. » Жазба жұмысын биік деңгейде жазып, тақырыпты терең қамтыды. Қадыр Мырза Әлі бауырымыздың өлеңін еркін, әдемі оқыды. Үшінші «Өнер-білім бар жұрттар» деген тақырыпта да өте әдемі әңгіме өрбітті. Біз қанағаттандық. Сонымен лингвистикалық комиссиясының қорытындысы — Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Басқа пікір жоқ», — деді М. Жолдасбеков.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда