jasqazaq.kz

Әмір Ахетовтің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

05 ақпан 2019, 13:06

ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының директоры Әмір Амантайұлы Ахетовтің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты. 

«Аталған өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғадық. Оның денесіне жарақаттар бар. Себебін артынан анықтайтын боламыз», — деді Қ.Қасымов. Естеріңізге сала кетсек, ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының директоры Әмір Ахетов 3 ақпанда көз жұмды. Әмір Амантайұлы медицина ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры болды. Ол 2017 жылы ғалымдар тобының құрамында ұзақ өмір сүру жолындағы әзірлемесі үшін ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын иеленді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде