jasqazaq.kz

Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналады

11 қыркүйек 2019, 17:43

    20-25 қыркүйек күндері  Семей  қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан театрлары ассоциациясының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті театр және кино актрисасы Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVII республикалық театр фестивалін өткізеді.

Фестиваль Қазақстанда театр өнерін дәріптеп, көпшілікке таратуға, дәстүрлі театр өнерін сақтап, әрі қарай дамытуға, дарынды артистер мен режиссерлерді анықтап, оларға қолдау көрсетуге, заманауи сахна процесіндегі негізгі басымдықтарды анықтау, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті дамытуға жол ашып, театр өнерін дамытуға мүмкіндік туғызады.

Сондай-ақ, шара қазақтың көрнекті кино және театр актрисасы, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмина Өмірзақованың есімін ел есінде мәңгі қалдыру, оның шығармашылығы және мұрасымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Фестивальге еліміздің 12 театр ұжымы үздік қойылымдарымен қатысады. Алты күн бойы Семей қаласының қонақтары мен тұрғындары фестиваль барысында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ф.М. Достоевский атындағы орыс драма театры, Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, «Nomad» театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры, «Дариға-Ай» жастар театры, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ сазды-драма театры, Шығыс Қазақстан облыстық драма театрларының қойылымдарын тамашалай алады.

Баспасөз конференциясы — 20 қыркүйекте сағат 10.00-де, фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі — 20 қыркүйекте сағат 11.00-де, фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі — 25 қыркүйекте сағат 19.00-де, сондай-ақ фестиваль қойылымдары 20-25 қыркүйек аралығында Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының ғимаратында өтеді.

Келем деушілерге есік ашық.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ: 8 707-808-18-90

Салтанат Мақсотқызы

Қазақстан театрлары ассоциациясының атқарушы директоры

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда