jasqazaq.kz

Америкалық отбасы асырап алған қазақ жігіті бауырын тапты

21 мамыр 2020, 12:07


Америкалықтар асырап алған қазақ баласы Өскемендегі ағасын тапты АҚШ азаматтары асырап алған қазақ баласы әлеуметтік желілер арқылы Өскемен қаласындағы туған-туыстарына іздеу салған болатын.
Теодор Уолтонның туған ағасы табылды. 2001 жылы Қазақстанда дүниеге келген Теодорды 1 жасқа толғанда америкалықтар асырып алған. Дегенмен, өгей ата-анасы оның ұлты кім екенін, туған жері қайда екенін еш жасырмаған. Бүгінде оның жасы 20-ға жеткен.

Жуырда Теодар Facebook-парақшасында өзінің Марат Тоқтарұлы Оразғалиев екенін жазып, бала күнінде ағасымен және апайымен түскен фотосуреттерді жариялады. Араға 2 күн салып оның туған ағасы табылып отыр. ШҚО Білім басқармасының Қорғаншылық, қамқоршылық және интернат ұйымдары бөлімінің мамандары іздестіру жұмыстарын жүргізіп, ағайындыларды бір-бірімен байланыстырды. Анықталғандай, Теодордың ағасы Күршім ауданында тұрады. 22 жастағы Рүстем Оразғалиев бауыры табылғанына әуел баста сене алмаған. «АҚШ жігіті қазақстандық бауырын іздеп жатыр деген жазбадағы фотода тұрған менмін, жанымдағы немере әпкем. Туған інім бар екенін, оны америкалықтар асырап алғанын 7-8 сыныптарда естіп білдім. Бірақ маған АҚШ-тан бауырымды табу бос қиял болып көрінгені рас. Сөйтсем, өмірде бәрі болады екен ғой», — дейді Рүстем. Ағасы мен бауыры ғаламтор арқылы сөйлесуде. Бір-біріне қояр сұрақтары көп. Енді карантин аяқталған соң Теодор туған жеріне құстай ұшып жетпек.

ktk.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде