jasqazaq.kz

Америкалық боксшы жеңіске жетіп, есінен танды

13 қантар 2020, 12:33

АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антониода Golden Boy компаниясы ұйымдастырған бокс кеші өтті. Шоу андеркартында америкалық Джордж Ринкон мен аргентиналық Диего Перес жұдырықтасты, — деп хабарлайды Vesti.kz. Жекпе-жек тек бір раундқа созылды, осы уақытта Ринкон қарсыласын үш рет нокдаунға түсірген. Америкалық 27 жастағы боксшы үшін бұл спорттық мансабындағы оныншы жеңіс, ол әзірге шаршы алаңда тізе бүкпеген. Төреші жекпе-жекті тоқтатып, Ринкон өз бұрышына келгенде дірілдеп, есінен танып қалған. Бірнеше минуттан соң боксшы есін жиған және ауруханаға жеткізілген. Оның есінен танып қалуына не себеп болғаны белгісіз, өйткені Ринкон жұдырықтасу кезінде бірде-бір ауыр соққы алмаған. Ал Перес осымен оныншы рет жеңілді, сонымен қоса, оның 13 жеңісі және бір тең түскен кездесуі бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде