jasqazaq.kz

Америкадағы 2019 жылғы сұмдық Қазақстанда қайталануы мүмкін

06 сәуiр 2021, 12:50

Ол кезде АҚШ-та контрафактылы вейп-сұйықтықтан мыңдаған адам уланған болатын.

Отанға қауіп төніп тұр ма?

Біздің елде бұл өнімге деген ешқандай ереже де, талап та жоқ. Ал осыған ұлттық стандарттар енгізуге Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері дәрменсіз. Елімізде вейп-сұйықтықты әкелудің, темекі мен басқа түтінсіз никотин өнімдерін қыздыру жүйесінің бірыңғай тәртібі жоқ. Бұл еліміз азаматтарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Техникалық тәртіп керек. Бірақ оның ЕАЭО-да қабылдануын 4-5 жыл күту қажет. Ал аталған салада нарық қарқынды дамып жатыр.

Кәсіпкерлер қауымдастығының мәліметі бойынша, никотині бар шегу сұйықтығы мен қыздырылатын түтінсіз темекі стикінің саудасы 2018 жылдан 2020 жылға дейін 5 есеге өскен.
Және бұл, әлдебіреулер жазып жүргендей, жасөспірімдер мен жастарға бағытталған сән немесе тренд емес. «Аман-саулық» қоғамдық қоры жүргізген әлеуметтік сауалнамаға жүгінсек, бұл шылымқорлардың темекіні зияны аз нәрсеге ауыстырып, денсаулыққа қауіпті азайту үшін жасап жүрген әрекеті екен.

«Біздің әулеуметтік зерттеулер электрондық темекіні пайдаланатын қазақастандықтардың саны тоқтаусыз артып келе жатқанын көрсетті, — дейді «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова. – Шылымқорлар денсаулыққа зиянды азайтамыз деп жаппай соған көшіп жатыр. Ал бұл салада қытайлық электрондық темекі мен вейп-сұйықтық өндірушілердің үлесі басым болып тұр. Бұл жерде «құрамында не бар?» деген сұрақтың тууы заңды, әрине. Бірақ содан қандай да бір зиянды зат тапқанның өзінде бұл өнімдердің елге әкелінуіне тыйым сала алмаймыз. Өйткені реттеуші тәртіп пен стандарттар жоқ. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң да жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігінің тосқауылы

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық комиссия 2020 жылдың ақпанында бөлек дәрежедегі, (Темекімен араластырмай. Ал бізде Денсаулық туралы заңды әзірлегендер оны асығыс түрде араластырып жіберген) никотині бар, түтінсіз өнімдерді ЕАЭО техтәртібі ретінде бекітілетін тауарлар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Алайда бұл – жаңа әрі аралас өнім. Сондықтан оның техтәртібін белгілеуге кемі 4 жыл кетеді. Осы уақыт аралығында Қазақстанның да, ЕАЭО-ның басқа елдерінің де нарығы ешқандай стандартпен қорғалмайды. Қалаған нәрсеңді алып кел де, сата бар!

Бұл қазақстандық тұтынушы үшін қолайсыз. Сондықтан бірқатар кәсіпкерлер қауымдастығы мен қоғамдық қорлар никотині бар, түтінсіз өнімдерге уақытша ұлттық техтәртіп әзірлеп, оны қабылдауды ұсынды. Бұл идеяны сауда және интеграция министрлігіндегілер қолдады. Қазір осыған қатысты қоғамдық талқылау жүргізіліп жатыр.

— Қазақстан кейін ЕАЭО-ның бірыңғай стандарттарына негіз болуы мүмкін өзінің ұлттық техрегламентін тезірек қабылдай беруіне болады, — дейді Бақыт Түменова. – Сауда және интеграция министрлігінің осындай шешім қабылдағаны өте дұрыс болған. Шынымды айтсам, мен медицина қызметкері әрі дәрігер ретінде бұл мәселеде денсаулық сақтау министрлігінің неге белсенділік танытпай отырғанына қайранмын.

— Никотині бар, түтінсіз өнімге ұлттық техтәртіп енгізу мен оны жекелеген категорияларға бөлу туралы бастама тұтынушының қауіпсіздігіне келіп тіреледі, — дейді «Қазақстан экологиялық ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрайымы Айгүл Соловьева. – Әзірге осы нарықты реттейтін тәртіп пен стандарт, заң тетіктері жоқ болғандықтан, денсаулыққа зиянды компоненттері бар, сертификаты жоқ гаджеттерді немесе контрафактылы вейп-сұйықтықтарды елге әкелу мен сату жағынан да жауапкершілік болмайды. Сауда және интеграция министрлігіндегілердің де ойлап отырғаны – түтінсіз өнім пайдаланатын адамдардың денсаулығын қорғау. Ал енді осы жөнінде денсаулық сақтау министрлігіндегілердің не ойлап отырғаны түсініксіз.

«Астана Медицина университеті» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Төлебай Рахыпбеков те аталған өнімге ұлттық техтәртіпті тезірек енгізуді қолдайды.

— Аталған категориядағы өнімдерді тексермей, сертификаттамай елге өткізе салудың қаупін елемеуге болмайды. Бұл жерде әңгіме адам ішіне тартатын сұйықтық буы туралы болып отыр. Бұл сұйықтықтың құрамы қатаң түрде қадағалануы тиіс. АҚШ-тағы екі жыл бұрынғы қайғылы жағдай баршаңызға мәлім. Біз ондайға жол бермеуіміз керек. Адам денсаулығы бәрінен қымбат, — дейді ол.

Расымен де денсаулық сақтау министрлігінің никотині бар, түтінсіз өнімді реттеу мәселесін көтермей жаққаны былай тұрсын, ондағы шенеуніктер мұндай реттеуге қарсылық білдіріп отыр.
— ДСМ бәрін бір жүйеге үйе салмақшы. Ондағылардың ұстанымы темекіге техтәртіп бар, бұған артық нәрсені қосақтаудың қажеті жоқ дегенге саяды, – дейді.

Бұл жерде де лоббизм бар ма?

Денсаулық сақтау министрлігінің мұндай әрекетсіздігіне Денсаулық туралы кодексті бұл ведомствоның дайындау кезіндегі кейбір ұйымдармен ынтымақтастығы себеп пе деген ой келеді. Иә, сол кезде бірқатар үкіметтік емес ұйымдар айтып қоймаған темекіні түтінсіз құрылғыларға теңестіру керек деген қағида басым болды.

Әрине, никотиннің зияны бар. Бірақ шылымқорға ондаған уы бар түтін көбірек зиян келтіреді.
Ұлыбритания, Австралия, Жапония сияқты елдерде дәрігерлер шылымқорларға кәдімгі темекіден түтінсіз өнімге ауысуды ұсынып отыр. Өйткені соңғысының зияны әлдеқайда аз. Ал бізде оны қасарысып кәдімгі шылымға теңестіріп отыр. Өркениетті жұрт инновацияны одан әрі дамытып жатқанда, біздің денсаулық сақтау министрлігі қасарысып оған қарсы шығуда.

Олар бұған неге сонша қарсы? Мұның мынадай себептері болуы мүмкін. Бұлар не темекінің түтініне қатысты мәселені дұрыс ұқпайды. Бірақ қайдам. Немесе денсаулық сақтау министрілігімен бірлесіп жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдар темекі шегуге қарсы жұмыс істейміз деп алып, кәдімгі шылым жеткізушілердің сойылын соғып отыр.

Жалпы, денсаулық сақтау министрлігіндегілердің ғалымдардың жанайқайына құлақ асып, жалпыға жария зерттеу мәліметтерін зерделеп, никотині бар өнімдерге реттеу тәртібін енгізіп қана қоймай, оларды түтіні бар және түтіні жоқ деп нақты бөлген жөн екенін ұғынғаны абзал. Тұтынушы кез-келген өнімді таңдауға және ол туралы жан-жақты ақпарат алуға хақылы. ДСМ салауатты өмір салтына қатысты насихатты жұртты шататстыратын түсініксіз ұйымдармен бірлесіп емес, дәл осы бағытта жүргізуі керек.

Мұса САТАЕВ,

Алматы

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия