jasqazaq.kz

Америкада ұсталған үш қыздың есімдері белгілі болды

07 тамыз 2018, 17:14

ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов АҚШ-та ұсталған қазақстандықтарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бізге Нью-Йорк штаты оңтүстік округінен келіп түскен мәліметке сәйкес, қамауға алынған азаматтардың арасында Қазақстанның үш азаматы бар. Олар: Азиза Джавадзаде немесе Джалолова, 1994 жылы туған; Диора Аширова, 1991 жылы туған және Елена Құдайбергенова, 1970 жылы туған. Сыртқы істер министрлігі олардың Қазақстан азаматы екенін растады», — деді министр үкімет кулуарында.

Әбдірахманов Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы Америка тарапымен тығыз қарым-қатынаста екенін атап өтті.

«Біздің азаматтарға қажетті консулдық және құқықтық қорғауға байланысты қызмет көрсетіп жатырмыз. Азаматтарымыз әлемнің қай түкпірінде болса да, біз оларды қорғаймыз», — деді ол.

Айта кетсек, бүгін таңертең Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы АҚШ-та үш қазақстандықтың ұсталғанын растаған еді. Қазақстан азаматтары ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін ұсталған.

Бұған дейін интернет арқылы раритет көліктерді сатуға байланысты алаяқты жасаған бір топ адамның ұсталғаны хабарланған еді. Шығынның жалпы көлемі — 4,5 миллион доллар.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді