jasqazaq.kz

Америкада қазақтың туын желбіретіп жүр

06 сәуiр 2018, 12:05


Ешкімге ұқсамайтын ерекше образымен және айрықша даусымен танылған отандық әнші Ғалымжан Молданазар Америкада қазақтың туын желбіретіп, елді сүйсінтті.

Nur.kz хабарлағандай, әнші өз тобымен бірге қазіргі уақытта АҚШ-тың ең үлкен қалаларында гастрольдік сапармен жүр.
Оның Америкада көлігіне өз туымызды қойып жүргені көптеген азаматтардың мақтанышын тудырды.   «Жарайсың», «Сен біздің мақтанышымызсың», «Фильмдегідей болып тұрсыздар ғой», — деп жарыса жазды желі қолданушылары.   Айта кетейік, әнші жақында ғана «Есімде бәрі» деген атаумен жеті тректен тұратын үнтаспаны жарыққа шығарған болатын. Сондай-ақ, Молданазар тойсыз да ақша табуға болатыны жайлы мәлімдеген еді.
«Тойсыз да ақша табуға болады. Димаш бар, «91» бар. Оларда әлемге шығып жатыр. Неге соларды айтпасқа? Неге қазақ бауырларымызбен мақтанбасқа? Коммерциялық концерттер көп болды. Жабық концерттер. Сол үш жылдың ішінде жаңа әндер шығаруға біздің уақытымыз болған жоқ. Осы жаңа жылдан бастан барлық концерттерге келісім бермей, шағын альбомды бітіруге бел буып, бітіріп, тыңдарманымызға ұсындық», — деді әнші.

Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам