jasqazaq.kz

Америка төрінде қазақ әндері шырқалғаны таңғалдырды (видео)

14 тамыз 2018, 10:02


АҚШ-тағы Бостон қаласының ортасында қазақ әндерін шырқаған американдық жігіт шетелде жүрген қазақстандықтарды таңғалдырды. Ол ұлттық әндермен бірге Абай өлеңдерін де орындаған.

NUR.KZ. жазғандай, Ақжол Құралбай арнайы бағдарлама аясында Америкаға жұмыс істеуге кетіп қалған. Бөтен елде қыдырып жүріп, қазақ әндерән естіген ол қатты таңғалған.

«Қара нәсілді жігіт керемет әуендерді шырқап тұрды. Досым екеуміз қасына барып тұрғанымызда, ол біздің қазақ тілде сөйлеп жатқанымызды аңғарып қалып, өзіне қарай шақырды.
Ол сыпайы түрде бізден Қазақстаннансыңдарма деп сұрады. Біз аң-таң болып қалдық. Бұл жерде қазақ тілін білмек түгіл, бізді өзге азиаттардан ажырата алатындар өте аз.
Әнші жігіт біздің елге өте үлкен қызығушылық білдіретінін түсіндік. Айтуынша, ол қазақ мәдениетін ұзақ уақыт бойы зерттеп келе жатыр», — деп айтты Ақжол.
Анықталғандай, қара нәсілді жігіт бұған дейін бір қазақпен танысқанында, ол оған ұлттық әндерді тыңдатқан. Сол сәттен бері әншінің қазақ ұлтынап деген қызығушылығы арта түскен.

«Ол бізге қазақ әндерінің ерекшелігін айта кетіп, біздің мәдениетіміз жайлы көп нәрсе білгісі келетінін айтты. Оған қоса, әнұран мен Абай әндерін орындағанда біз мүлдем таңғалдық.
Оның сезімге беріле айтқан әндері мені бір сәтке туған жеріме апарып тастағандай болды. Әнші болашақта Қазақстанда болып, бәрін өз көзімен көргісі келетінін жеткізді», — деп айтты қазақстандық.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді