jasqazaq.kz

Америка. Тікелей эфирде журналистің қолына кісен салынды (видео)

29 мамыр 2020, 18:53

Демократия отаны және cөз еркіндігі салтанат құрған ел деп есептелетін АҚШ-та полиция тікелей эфир жүргізіп тұрған CNN тілшісінің қолына кісен салды. Бұл туралы хабарлаған әлемдік ақпарат құралдары журналист Омар Жименездің Миннесота штатының Миннеаполис қаласында жалғасып жатқан көшедегі наразылық шарасы туралы репортаж жүргізіп тұрған сәтте қамауға алынғанын жария етті.

Омар Жименез полиция қолына кісен салып жатқанда өзінің журналист екенін, тікелей эфир жүргзізіп жатқанын ескертіп, мұның себебін сұраған. Бұған тәртіп сақшысы жауап бермей, тек «Қамауға алындыңыз» депті.

CNN телеарнасы өз тілшісінің қамауға алу барысын тікелей эфирден көрсетті. Айта кеткен жөн, осы репортажды түсірген оператордың қолына да кісен салынды.

Еске сала кетейік, Миннеаполис қаласындағы тұрғындардың жаппай наразылығына бір қаранәсілді азаматтың өлімінен кейін басталып еді. Полиция қызметкері оны тұтқындау барысында тізесімен біразға дейін тұншықтырғанда 46 жастағы Жорж Флойд «Дем ала алмай жатырмын» деп жалбарынған деседі. Ол жедел жәрдем апарған ауруханада жан тәсілім етті.

Келіп түскен соңғы дерекке қарағанда, Омар Жименез бен оның әріптестері босатылды.

Jas Qazaq — Aqparat

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия