
Спорт жайлы оның ішінде, бала күнімнен бастап боксты ұнатамын. Кішігірім өз ойыммен бөлісе кетейін. Қазақстанда жалпы әлем чемпионы орта салмақта қатты соққыларымен қарсыластарын нокаут, нокдаунге жіберіп, рингті дүр сілкіндірген Геннадий Головкин. Маған Генаның бокстасу тәсілі, әсіресе оң қолының соққысы ұнайды. Кейінгі шыққан мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жекпе-жегі қызықты болды. Олар іштей алаңдап, уайымдап не болады деп?,- бір-бірін соққылап аямады. Екеуі де 12-раундтың аяғына дейін төтеп берді. Керемет әсер алдым. Аяғына дейін көрдім.

Бір қызығы, бірінші төреші жеңісті Альвареске берді. Ал екінші төреші Геннадийге берді. Сондай талас болды. Ал үшінші төреші болса, тепе –тең деп шешті. Геннадий чемпиондық атағын сақтап қалды. Әлемдік рейтингте ол орта салмақтағылар арасында ең мықты боксшы болып есептеледі. Қазақстандық боксшының жетістігі американдық Майк Тайсонның рекордынан асып түсті.
Елімізде жастарымыз иман мен спортқа көңіл бөлсе, Гена сияқты чемпиондар көбейе түсер еді.
Жамбыл ауылы
Қарасай ауданы
Алматы облысы