jasqazaq.kz

Алып қашудың құрбаны болған бойжеткен 3-қабаттан секірген

05 ақпан 2019, 14:49

 
Шымкентте зорланған 19 жастағы бойжеткен үшінші қабаттан секірген. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бойжеткеннің қорғаушысы Еркін Қахаровтың айтуынша, 18 қаңтар күні бойжеткенді еркінен тыс алып қашып кеткен. «Аружан ол жігітпен танысып, екі-үш күн кездескен, сосын алып қашқан. Барған соң ол келін болуға көнбеген. Бірақ бетін ашып, рәсімдер жасалған. Қыздың ата-анасы оның көнбегені туралы білмеген. Қыз бір апта бойы төсекке жатуға келіспеген, бірақ 25 қаңтар күні оны еркінен тыс зорлаған. Осыдан кейін ол үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Ол 31 қаңтарда ауруханаға түскенімен, сол күннен бастап тергеу шаралары жүргізілмеген. Ауруханада жүретін полицейлер де неге екені белгісіз, бұл қыздың жағдайына назар аудармаған. Сосын мен арыздануға мәжбүр болдым. Артынша Фейсбук әлеуметтік желісіне жазғаннан кейін 4 ақпан күні қылмыстық іс қозғалды»,- дейді Еркін Қахаров. Қазір қыздың бел омыртқасына зақым келіп, бірнеше жерінен сүйегі сынған. Орташа дәрежеде жарақат алған бойжеткен ауруханада ем қабылдап жатыр. Осы оқиғаға байланысты қалалық ПД бүгін ғана ресми мәлімет таратты. «Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында 19 жасар қыздың өз-өзіне қол жұмсау әрекеті бойынша ҚР ҚК 105-бабы («Адамды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін күдікті әл-Фараби аудандық полиция бөліміне жеткізілді. ҚР ҚПК 201 және ҚР ҚК 147-баптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жария етуге жатпайды» делінген Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда