jasqazaq.kz

Алып қашқан жігіттің әйелі барын естіген бойжеткен асылып қалды

14 қараша 2017, 17:12

Атырауға тұрмысқа шыққан ақтөбелік қыз Данара Каипованың өлімі туралы осыған дейін де хабарлаған болатынбыз. 19 жастағы қыз келін болғанына төрт айдан кейін өзіне қол жұмсаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Жас келіннің туыстары алып қашып кеткеннен кейін жігіт жақтан ешкімнің алдынан өтуге келмегенін айтады. Тойдан хабар күтіп отырған отбасыны қаралы хабар есеңгіретіп тастаған.

«Қызыммен соңғы рет төртінші қараша күні сөйлестім. «Мама, үйге қонақтар келіп жатыр еді. Қазір қолым тимей жатыр, артынан хабарласамын» деп телефонды тастап жіберді. Қызым бізге ештеңе айтқан жоқ. «Күйеуім де, ата-енем де жақсы» дегеніне сендік. Біз енді біліп отырмыз ол жігіттің әйелі, екі баласы бар екен. Қызыма ол туралы ештеңе айтпаған. Данара өзіне қол жұмсаудың алдында осыны білген. Олар 19 жастағы қызымның намысын қорлап отыр. Ол жігіт қызды алып қашқанда әйел жіберіп отырған екі баланың әкесі екенін айту керек еді. Қызым оның екі баланың әкесі екенін жақында білген. Менің қызымды бойдақпын деп алдаған», — дейді қайтыс болған қыздың анасы Інжу.

Марқұм Данараның туғандары Әйтеке би ауданының Тереңсай ауылында тұрады. Анасы осыған дейін де бір қызынан айырылып қалғанын айтты.

«Мен өзім бес баланы дүниеге әкелген анамын. Үш қыз, екі ұл тудым. 1995 жылғы қызым 12 жасында, 2007 жылы суға кетіп қайтыс болған. Он жылдан кейін тағы бір қызымды жерлеп отырмын. Маған заңгерлік көмек беретін адам болса, қызымды осындай жағдайға жеткізген адамды заңмен жазалағым келеді», — дейді анасы.

Данараның денесін Атыраудан алып келген ағасы оқиғаға қатысты қылмыстық істің қозғалғанын жеткізді.

«Бұл бала менің нағашымның қызы. Атырау облысынан оның сүйегін әкелуге мен бардым. Полицияға арыз беріп кеттім, олар Қылмыстық кодекстің 105 — бабы, 1 — тармағы бойынша іс қозғалғанын айтты. Экспертиза Атырауда жасалынды. Оның қорытындысы әлі бізге берілген жоқ. Бір-екі аптадан кейін дайын болатынын айтты. Жігіттің туыстары да ештеңе айтпай отыр. Жағдай бізге әзірге белгісіз болып тұр. Асылып қайтыс болған. Кімнен күдіктенерімізді білмейміз», — дейді қайтыс болған қыздың туысқан ағасы Алтай.

Данара Каипова Ақтөбе қаласындағы ауыл шаруашылық колледжінде жер қатынастарын реттеу мамандығы бойынша үшінші курста оқып жүрген.

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр