jasqazaq.kz

Алып қашқан қалыңдықтың аяусыз өлімі Қырғызстанды дүр сілкіндірді: Халық бас көтерді

08 сәуiр 2021, 13:46

Қырғызстандықтар 5 сәуірде алып қашқан 27 жастағы Айзада Қанатбекованың өліміне байланысты наразылық акциясына шықты. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Айзада Қанатбекованы 5 сәуірде сағат 7:00-де Бішкекте алып қашқан. Бұл сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеода бір ер адамның қызға жақындағаны және оны күшпен машинаға апарғаны көрінеді. Кейінірек тағы екі ер адам қызға жақындап, оны қызыл түсті машинаға мәжбүрлеп отырғызған. Бұл көлікке екі адам отырады, үшіншісі таксигеотырады. Қыздың туыстары алып қашқандардың бірі қызды бірнеше рет «мазалағанын» айтты.

Жақында қыз бен оның алып қашқан жігіттің мәйіті бар көлік табылды.

«Қарындасымызды алып қашқан ер адамның есі дұрыс емес. Ол 30 жастан асқан. Біз одан бірнеше рет қарындасымызды мазаламауды сұрадық», — деді туысы.

Туыстарының бірінің айтуынша, қыздың анасы полицияға арыз жазғаннан кейін, оны іздеу үшін ешқандай шара қолданылмаған.

Полицияның алдын-ала мәліметтері бойынша, ер адам жанжал кезінде қызды қылқындырып, содан кейін өзіне пышақ жарақатын салып, өлген.

Осы жағдайға байланысты Бішкекте Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында «Зорлық-зомбылыққа қарсы» митингі өтіп жатыр. Митингке қатысушылар министрлік басшысы Ұлан Ниязбеков пен Бішкек ІІБ бастығы Бақыт Матмусаевтың отставкаға кетуін талап етуде.

Наразылық білдірушілерге Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тергеу қызметі қызметкерлерінің бірі шықты. Жиналғандар оны тыңдамай, министрдің келуін талап етті.

Митингке 200-ден астам адам жиналды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия