jasqazaq.kz

Алтыны бар құмыра табылғаны рас па?

23 қазан 2019, 14:58

Желіде Алматы облысының тұрғыны үйінің ауласынан ішінде 47 келі алтын бар құмыра тауып алғаны туралы видео тарады. Өз кезегінде облыстық әкімдіктегілер видеоға қатысты пікір білдіріп, қаншалықты рас екеніне айтты.

WhatsApp мессенджерінде Алматы облысы тұрғынының үйінің ауласынан қазына тауып алғаны туралы видео тарады. Онда оқиғаның Қалжат аулында орын алғаны айтылған. Сондай-ақ, хабарламадағы мәліметке сәйкес, табылған құмыраның ішінде 47 келі алтын тиын болыпты.

Stan.kz ақпарат агенттігі аталған видеожазбаға қатысты Алматы облыстық әкімдігіне сауал жолдады. Өз кезегінде әкімдіктің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел облыс тұрғынының құмыра тауып алғанын растады.

«Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат аулының тұрығын үйінің ауласынан құмыра тауып алған. Ол құмыраны құрылыс жұмыстары кезінде тауыпты. Құмыра табылған туралы ақпарат түскеннен кейін, облыстық әкімдіктің мәдениет басқармасы өкілдері құмыраны актіге енгізіп, зерттеу үшін оқиға орнына барды. Зерттеу нәтижелері белгілі болғаннан кейін, аталған құмыраның тарихтың қай кезеңіне жататынын айта аламыз», — дейді әкімдіктің баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, Ғалымұрат Жүкел құмыраның бос болғанын айтып, ішінен 47 келі алтын табылғаны туралы мәліметтің жалған екенін жеткізді.

«Құмыраның ішінде 47 келі алтын тиын болғаны туралы ақпарат – жалған. Оның бұл табылған құмыраға қатысы жоқ», — дейді Жүкел.

Stan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда