jasqazaq.kz

«АЛТЫНАЛМАС АК» АҚ қызметкерлердің еңбекақысын арттырады

21 қантар 2022, 12:00

2019 жылдан бастап жыл сайын компания Қазақстанның еңбек нарығының еңбекақыларына шолуларға қатысады. Тау-кен өндіру секторындағы тиісті көрсеткіштер мен инфляция деңгейі өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу деңгейі үшін бағдар болып табылады.

Салыстырмалы талдау деректері негізінде компания басшылығы «Алтыналмас АК» АҚ жұмыс істеп тұрған барлық өндірістік алаңдарында еңбекақыларды кезең-кезеңімен дифференциалды қайта қарауға шешім қабылдады.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бірінші кезекте, операциялық персоналдың (жұмысшы кәсіптер мен қатардағы мамандар) жалақысы 10% – дан 30% — ға дейін арттырылады. Бұл ретте қолданыстағы жалақы деңгейі еңбекақы төлеудің салалық көрсеткіштерінен төмен болған қызметкерлерде жалақының өсуі жоғары болады.

Компания тұрақты негізде елдегі макроэкономикалық жағдайды зерттейді, жалақының бәсекеге қабілеттілігіне талдау жүргізеді және, қажет болған жағдайда, қызметтің өндірістік және қаржылық нәтижелерін ескере отырып, еңбекақы деңгейін түзетеді.

«Пандемиядан туындаған қиындықтарға қарамастан, біз компания қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыруды жалғастыруға кезекті рет шешім қабылдадық. Бұл біздің қатысатын өңірлерді қолдаумен қатар, әлеуметтік қызметіміздің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады», – деп «Алтыналмас АК» АҚ Президенті – Басқарма Төрағасы Дияр Қанашев атап өтті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде