jasqazaq.kz

Алтынай Жорабева Сәбиттің қазіргі әйелі туралы айтты

04 желтоқсан 2020, 14:23

Халықтың сүйікті әншісі Алтынай Жорабаева бұл күні сахнада ғана емес, желіде де белсенді. Тіпті сахнадан гөрі әлемеуметтік желіден көп шығады. Әнші әр оқырманының пікірін ерінбей оқып, жауап жазып отырады.

Әнші оқырман сауалына жауап бере отыра бұрынғы күйеуі Сәбиттің қазіргі әйелі туралы айтты.

«Динара Абдуллина күйеуіңізді айналдырып тиіп алғаны үшін, төрт қызыңыздың көз жасына қалып, жылатып, бір отбасын шайқалтып, біреудің ала жібін аттағаны үшін арғы дүниедегі ақыреті жаман болар», — деп пікір жазды оқырманның бірі.

Жорабаева бұл сауалға жауап беріп, Динараның кінәсіз екенін айтты.

«Динараның кінәсі емес ол. Еркекке байланысты бәрі. Әйел деген нәзік, сенгіш келеді ғой. Сезіммен ойнауға болмайды. Мен оларға шын ниетіммен Алладан тек бақыт тіледім. Міне Алланың әділдігі. Осындай жар сыйлады маған. Аллаға шүкір. Алла бізден жақсы біледі ғой. Әр нәрсенің хайыры бар деген осы. Осымен бұл тақырыпты жабайық. Алла әділ», — деп жазды Алтынай ханым.

Желідегі оқырманы әншінің сөзін қостап, өзіне бақыт тілеп жатыр.

«Сіз ақылды әйелсіз, сіздерге бақыт тілейміз», «Қыздарыңыздың қызығын көріңіз, өмірге ұл балаңыз келсін», «Өмір кезек, кезінде сіз біреудің күйеуіне тиген едіңіз, енді біреу сіздің күйеуіңізге тиді», «Әркім тағдырына жазылғанды көреді», «Елдің сөзін көңілге ала бермеңіз», — деп жазды олар.

stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия