jasqazaq.kz

Алтынай Жорабаева: Сәбитпен араласпаймыз, бақытты болсын

24 қантар 2018, 0:12

Алтынай жорабаева алғаш рет Сәбит Әбдіхалықпен ажырасқаны жайлы ашық айтып, көлемді сұхбат берді,-деп жазды Stan.kz.

Қазақстан Ұлттық арнасында жаңадан ашылған «Бақытты әйел» бағдарламасына қонаққа келген танымал әнші Алтынай Жорабаева журналист Мақпал Қаратайдың барлық сұрағына дерлік ашық жауап берді.

Журналист Алтынайдың соңғы кездері “ашылып”, бұрыңғы ұяң бет-жүзінде еркіндік ерекше көріне бастағанын айтты. Тіпті мұны Жорабаеваның отбасындағы соңғы жағдайлардың әсерінен бе деген сұрақ та қойды.

«Әрине, отбасымдағы жағдай менің өзімді ұстауыма, өмір сүруіме әсер етпей қоймады. Өмірдің қара сызығына түсіп қалдым екен деп, мұңайып жүреберген дұрыс емес. Кімнің басында болмай жатыр? Сондықтан бұл жайтты сондай қатты ауыр, басымды көтере алмай қалдым деп айтпаймын. Үш жыл бұрын болды.

Сол кезде қатты ұялдым, «жұрт не дейді» деп алаңдадым. Қазір өз-өзіме келген Алтынаймын. Сәбитпен қазірше мүлде хабарсызбыз. Оған бақыт тілеймін. Өмір болғаннан кейін бәріне де дайын болу керек екен. Неге бақытты болмасқа. Мені екінші рет тұрмысқа шығады дегендер болды. Егер жақсы ер адам ұсыныс жасап жатса, қыздарыммен ақылдаса отырып, шешім қабылдаймын. Бұл менің өмірім. Ешкімнің араласпағаны дұрыс өзгенің өміріне.

Олар да жас емес. Кей журналистер осындай ойымды «үрлеп» өз сөздерін қосып, халықты шулатып та жіберді. Қазір қыздарыма “маған ұқсаған болыңдар” деймін. Мен өзімді бір кісідей үлгілі әйел деп санаймын.

Жорабаева бүгінде төрт қызының тәрбиесіне бар зейінін салып жүргенін атап өтті.

«Президент мемлекеттік концерттің кезінде мені шақырған кезде аяқ-қолым дірілдеді.

Бұл қуаныштан. Ешқандай әнші президенттен осындай мақтау алмаған шығар. Сондықтан осы жағдай мен үшін үлкен қуаныш. Бақыттымын. Төрт қызым бар. Әншілік жолда халық сыйлайды. Сондықтан өзімді бақыттымын деп айта аламын.”,-деді әнші.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды