jasqazaq.kz

Алтынай Жорабаева екінші күйеуін көрсетті (видео)

28 мамыр 2020, 10:59

Қазақ эстрадасының жұлдызы Алтынай Жорабаева өзінен екі жас кіші күйеуін көрсетіп қойды. Әнші жолдасы мен қыздарының видеосын жариялап, қалың жұртшылықты таңғалдырған. Бейнежазбадан өнер иесінің қыздары анасының сүйіктісін әке деп атап жүргені белгілі болды.

Алтынай Жорабаева отағасы бой көрсеткен видеосын Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде паш еткен.

Онда шоу-бизнес жұлдызының қыздары анасы мен оның сүйіктісінің төсегіне арнайы жазба қалдырып кеткенін байқауға болады. Олар қағазға «сүйікті әкеме» және «сүйікті анама» деп жазып қойған.

Көпбалалы әншінің жолдасы оның бірінші некесінде туған қыздарымен жақсы қарым-қатынаста болса керек. Оған дәлел ретінде өнер иесі тағы екі қысқа видео жариялады. Бейнежазбада отағасы Жорабаеваның екі қызын құшақтап тұрады.

Эстрада өкілінің бақытты отбасылық сәттеріне желі қолданушылары екі түрлі пікір білдірді.

Бірі әншінің жақын адамдарының тіл табыса кеткеніне қуанып жатса, енді бірі Сәбит Әбдіхалықовтың қыздарының өзге ер адамды әке деп атап кеткеніне қатты таңғалған.

«Бақытты болыңыз. Қыздарыңыз жолдасыңызды жақсы қабылдаған көрінеді» , «Сіз бақытты болуға лайықсыз» , «Қандай керемет отбасы, көз тимесін» , «Жатын бөлмеде түсіргені ерсілеу екен» , «Бәрібір өз әкесіндей болмайды», «Әке деп тым ерте атап кеткен жоқ па? Өз әкелері бар емес пе» , «Қызық екен бөтен адамды әке деген» , — деп жазуда көпшілік.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жұлдыздар туралы жаңалықтар (@qaz.stars)

NUR.KZ

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия