jasqazaq.kz

Алтынай Жорабаева ажырасқаны үшін қыз ұзатудан бас тартқан

23 мамыр 2018, 10:52

Таяуда “Қаз-қаз балам” өлеңіне ән жазып, композитор атанған Алтынай Жорабаева о баста тұсаукесуді мақсат тұтпаған.

Stan.kz. хабарлағандай, ырымға сенетін әнші, тіпті ажырасқаны үшін тапсырыстардан бас тартып жүрген көрінеді. Алайда өз қуанышынан Жорабаеваны көргілері келетін той иелері табандап тұрып алады екен.

“Кеше ғана Әмина есімді бүлдіршіннің ата-анасы хабарласып, өтініш білдірді. Мен тұсау кеспейтінімді айтсам да, “жоқ, біз сізге кестіргіміз келеді” дегеннен кейін келістім. “Қаз-қаз балам” деген өлеңді оқып отырып, әуені құлағыма келді. Негізі көп әндер келеді, бірақ мен композитор емеспін ғой, әркім өз жұмысын жасасын, жағаласпайын деп жүрдім. Бірақ бәрібір сол әуен құлағымнан кетпей қойды. Содан сол әнді жазуға тура келді”, – дейді Жорабаева.

Әнші ажырасқалы бері тұсау кесуден ғана емес, қыз ұзатудан да бас тартады екен. Алайда Алтынайды үлгі тұтатын халық, оның жеке басындағы мәселеге көз жұма қарайтын көрінеді.

“Негізінде әрбір әнім белгілі бір себеппен жазылады. Ұзатуға арналған әнім де солай жазылған болатын. Жетісай жақта бір қызды ұзату керек болды. Мен ажырасқан адамдарға қыз ұзатуға, тұсау кесуге болмайды деп айтамын. Соның бәрін түсіндіріп айтамын. “Хабарларыңыз бар ма? Ертең естіп қалып, көңілдеріңізге алып қалуыңыз мүмкін” деп ескертемін.

“Жоқ, оны білеміз. Одан бөлек, сенің тәрбиең бар, болмысың басқа. Тағдыр, кімнің басында болмайды? Ол үшін кемсітудің қажеті жоқ. Сенің басқа да жетістіктерің көп. Қаншама шетелдік байқауларды бағындырдың. Елбасы орнынан тұрып барып, ешқандай әншінің қолын алмаған. Соның бәрі бізге жұғысты болсын” деген ниетпен кеше ғана тұсау кесерде солай айтты. Қыз ұзату да солай болды. “Сен сияқты төрт қыздың анасы болсын” деді. Сондай ұсыныстармен жазылған әндер. Желіде де көптеген хаттар келіп жатады. Көбінесе жауап бермеймін, себебі бәріне ақталып отыру керек. Ақеркеге хабарласып, тікелей шығып жатқандарға енді барамын”, – дейді Жорабаева.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді