jasqazaq.kz

Алтынай Жорабаева аралас некені қолдаған Баян Алагөзоваға қарсы шықты

26 маусым 2018, 18:01

“Махаббат ұлтқа да, нәсілге де қарамайды” деп қытайға тұрмысқа шыққан қазақ қызын қолдаған Баян Алагөзованың басы дауға қалды. Танымал продюсердің пікіріне өнер иелері қарсы шығуда.

“Алла сақтай гөр! Намыс қайда?! Алла бетін аулақ қылсын. Өнер адамдарының осыны қолдағандары жағаны ұстатты: “Киімін киюге, теxнологиясын пайдалануға болады да, тұрмысқа шығуға болмайды ма? Жүрекке әмір жүрмейді” деген не сөз? Ол жүректің дұрыс әмір беруі үшін, ұлтымыз, дінімізді құрметтеу, сүю дегенді ата-ана санаға құю керек қой. Сүюдің жағдайы осылай екен деп, дінді сатып бетімен кету емес қой. Басқа ұлтқа құрметпен қара, сыйлау керек, өйткені біздің атамыз қазақ қонақты сыйлап, төрге отырғызған дұрыс. Бірақ оған қаныңды араластырып, тегіңді былғау деген емес қой, айналайын-ау”, – деді ол.

Ол қытай азаматтарына қарсы шықпас бұрын, олардың техникасы мен көлігін, тым құрығанда тіс жуғыш пастасын жасап үйренуге кеңес берді.

“Айтқым келгені, жүрек қалауын ұлтына, терісінің түсіне, менталитетіне, салт-дәстүріне қарап таңдамайды. Жүрек тек қана сүйеді. Барлық өркениетті елдерде біреудің қарым-қатынасына араласу көргенсіздік саналады. Тәрбиелі адамдар ондай ойдан ада. Мұндай зұлымдыққа қашанға дейін төзуіміз керек?”- деген еді Баян Мақсатқызы.

Ақпарат көзі: Stan.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді