jasqazaq.kz

Алтынай Жорабаева ән жазып, композитор атанды (видео)

14 мамыр 2018, 11:42

Әдетте музыка жазуға әуес жандар әншілікті қосымша алып жүреді. Алайда бұл жолы керісінше! Талай жыл қазақ сахнасында өнер көрсетіп, еліміздің Еңбек сіңірген қайраткері атанған Алтынай Жорабаеваның сазгерлік қабілеті енді ояна бастағандай.

Әнші халыққа композитор ретіндегі алғашқы туындысын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz.

Сазгер Жорабаеваның тырнақалды туындысы тұсаукесер тойына арналып жазылған.

“Құрметті менің сүйікті тыңдармандарым, оқырмандарым! Менің жүрегімнен шыққан әнді қабыл алыңыздар. Сөзі халықтыкі. Бүлдіршіндерінің тұсауын кесіп беруімді өтінгеннен кейін, осы “Қаз-қаз” баламды оқып отырып, еріксіз осы ән аузыма келе бергеннен кейін, жазуға тура келді. Әмина деген ботақанның тұсауын кесу бақыты бұйырған сәттен. Сұмдық болып, композитор болып кетпесем болды енді. Қатты сынамаңыздаршы. Өзім толқып кеттім”, – дейді Жорабаева.

Құрметті менің сүйікті тыңдармандарым, оқырмандарым! Менің жүрегімнен шыққан әнді қабыл алыңыздар 🙏.Сөзі халықтыкі 😘. Бүлдіршіндерінің тұсауын кесіп беруімді өтінгеннен кейін, осы Қаз қаз баламды оқып отырып, еріксіз осы ән аузыма келе бергеннен кейін, жазуға тура келді😊. Әмина деген ботақанның тұсауын кесу бақыты бұйырған сәттен 😍😘. Сұмдық болып, композитор болып кетпесем болды енді 😅. Қатты сынамаңыздаршы🙊🙈🙏Өзім толқыыыыыып кеттім😓. Жаңа əн: Алтынай Жорабаева «Қаз-Қаз балам» əнін @ORIKUAN.KZ сайтынан тыңдап жүктей аласыз. #orikuankz @orikuan @altynaizhorabayeva #ЖаңаƏн #Тұсаукесер

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық