jasqazaq.kz

Алтынай “aжырасқалы құтырып кетіпті” деп сынағандарға жауап берді

17 қантар 2018, 12:07

Шектен шыққандар! Желіге жүктеген әр постына жағымсыз пікір жазатын оқырмандары Жорабаеваны шаршатқан. Бүгінде ашық айқасқа бел буған Алтынайдың, «қара ниетті» хейтерлерге айтары бар екен…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Су жаңа суреттерін салып, әр қадамын желіге жүктейтін Жорабаеваның, соңғы уақытта оқырмандарынан көңілі қалған. Әншінің инста әлемдегі белсенділігін байқағандар, Алтынайдың тың фотоларын басқаша бағамдайтын көрінеді.

“Көбінесе айтады Алтынай қайта-қайта шыға беретін болыпты. Болмаса, шошаңдап кетіпті осы кезде дейді. Ал көңілің түсіп қалса бәрі сені аяп, плинтустан төмен болып кетесің. Мен олай болғым келмейді. Осы ажырасқалы бері құтырып кетіпті деген сияқты нәрселер болып жатады”, – дейді Жорабаева.

Инста парақшасында шығармашылығындағы тың ақпараттарымен бөлісіп, салауатты өмір салтын насихат ететін әнші, «жиі пост жариялауымның жанұямдағы келеңсіз жайтқа қатысы жоқ», – деп отыр.

“Біреудің басына түскен іс… Мысалға, айналаңның барлығын негативпен жараландыра берумен болмайды деп ойлаймын. Сол себепті, мені қалай қабылдағылары келеді, ол тыңдармандардың өз еріктерінде. Мен ешкімді өзгертуге тырыспаймын. Қалай бармын, солай қабылдау керек деп ойлаймын. Мен өнер адамымын, мен әйелмін, мен анамын”, – дейді Алтынай.

Бүгіңде 4 қыздың анасында 1 миллион 500 мың оқырмандық аудитория бар. Ал, жеке басына тіл тигізіп, жағымсыз пікір жазатын желі қолданушыларының қисынсыз қылығын Жорабаева былайша жориды.

“Мен оған қызық емес болсам, ол менің парақшама кірмейді. Демек мен қызық болып тұрмын. Ол өзінің үйінде болған көңіл-күйінің түскеніне, мен дөп келіп қаламын да. Содан кейін, мен оған ұнамай қаламын. «Неге бұның көңілі күшті болып тұр, неге менікі төмен деген сияқты?!» Ішіндегі ашуын маған жаза салады”, – деп түйіндеді Жорабаева.

stan.kz

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды