jasqazaq.kz

Алтын Орда базарының иесі әкімшілік жауапқа тартылды

22 шiлде 2022, 17:15

«Алтын Орда» базарының иесі әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімімен компанияға 1,5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС әкімшілік жаупкершілікке тартылып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодкестің 159 бабының 3 бөлігіне сәйкес, монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған монополиялық кіріс 46 976 550 тенге көлемінде тәркілене отырып, 1 424 776 тенге көлемінде айыппұл салынды»,- делінген хабарламада.

Агенттік таратқан мәліметке қарағанда, бұған дейін Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департамент «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғап, материалдарды қарау үшін Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотына жіберген. «Атап айтқанда, 2022 жылғы наурызда «Алтын Орда» базарын тексеру қорытындылары бойынша серіктестік қызметінде сауда орындарын күнделікті жалға беруде монополиялық жоғары бағасын белгілеуден және ұстап тұрудан көрінетін үстеме немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған», — деп хабарлады ведомстводан. Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр