jasqazaq.kz

«Алтын Орда» базарындағы жолайрық қашан ашылатыны белгілі болды

01 қыркүйек 2020, 17:30

2020 жылдың соңына дейін «Алтын Орда» аумағындағы 10 жолақты жол пайдалануға беріледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметіндегілер айтты.

Алматылықтар «Алтын Орда» базары маңындағы көлік кептелісіне шағымданып жатыр. Себебі онда 10 жолақты жол құрылысы жүріп жатыр. Бүгін Instagram желісіндегі Kris_p_almaty парақшасында видео жарияланды. Онда жүргізушінің көлік кептелісіне шағымданып жатқанын көруге болады.

«Үйден ертерек шығыңыздар. Кешігіп қалмау үшін сағатты таңғы 5.30-ға қойыңыздар! Жол құрылысы біткенше мұнда көлік кептелісі күн сайын болады», — дейді желі қолданушылары.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда мұнда жолды кеңейту, жаяу жүргіншілер өткелін орнату бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Учаскедегі коммуникация құралдарын көшіру үшін бір қосымша мердігерлік ұйым тартылды. Мұнда бір асфальт-бетон зауыты, екі бетон-араластыру қондырғысы және ұнтақтау-сұрыптау қондырғысы жұмыс істейді. Осы жылдың соңына дейін бұл жұмыстарды бітіру жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде