jasqazaq.kz

Алтын көріп, жолдан тайған полицейлер

17 шiлде 2019, 0:08

Ақмола облыстық соты қылмыстық топ құрып, оған басшылық еткен және үздіксіз пара алып келген Степногор қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасарынан бастап 4 бірдей жоғары шенді тәртіп сақшысына үкім кесті. Олар әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ғалым Қайшыбеков, Ақмола облыстық сотының судьясы:

— Дүйсенбаев Тоқмырза Дүйсенбайұлы ҚР Қылмыстық Кодексі 262 бабының 3 бөлігі, 366 бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Степногор полиция басқармасы бастығының орынбасарынан басқа Ақсу, Бестөбе полиция бөлімдерінің бастықтары және екі жедел уәкілге 8 жылдан 10 жылға дейін жаза кесілді. Сондай-ақ, олар өмір бойына мемлекеттік мекемеде қызмет істеу құқығынан және шендерінен айырылды. Естеріңізде болса, полицейлерден құрылған қылмыстық топ өткен жылдың наурыз айында қолға түскен болатын. Лауазымды қызметтегі құқық қорғау органының өкілдері «Қазақалтынның» кеніштерінде алтын құрамды кеннің заңсыз айналымын ұйымдастырып, оңай олжаға кенелген. Олардың үйлерін тінтіген кезде аммонит жарылғыш заты, детонаторлар және де үлкен мөлшерде ақша табылған. 5 полицей де жазаларын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейтін болды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде