jasqazaq.kz

Алтын қазумен айналысқан екі топ ұсталды

10 қыркүйек 2019, 16:25

Жамбылдық полицейлер Жамбыл ауданында алтын қазумен айналысқандарды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қыркүйектің 7-сінен 8-іне қараған түні Жамбыл облысының полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері құрамында алтыны бар кен іздеумен және өз бетінше жинаумен айналысқан екі топты қолға түсірді. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Ұсталған екі топтың біреуінде үш адам, екіншісінің құрамында төрт адам болған. Олар заңсыз кәсібін Ақбұлақ ауылына жақын маңдағы Жамбыл ауданының таулы жерлерінде жүзеге асырған. Алтын іздеушілердің үш автокөлігінде жұмысқа қажетті барлық құрал-сайман болған. Полиция қызметкерлері құрал-жабдықтармен бірге алтыны бар кен тастары салынған төрт қапты тәркіледі» делінген ведомство хабарламасында.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 334-бабы 1-бөлігімен («Жер қойнауын өз бетімен пайдалану») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді