
Лос-Анджелесте «Алтын глобус» жүлдесі тапсырылды. Биыл «Үздік драма» аталымы бойынша «Богемдік рапсодия» фильмі жеңімпаз атанды.
Фильм рок жанрының әншілері британдық «Queen» тобы жайында түсірілген. Ондағы басты кейіпкерді сомдаған Рами Малек «Үздік драма актеры» деген атаққа ие болды. Сондай-ақ Бьорн Рунгенің «Әйел» фильмінде әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы иегерінің әйелін сомдаған Глен Клоуз да жүлдеден құр қалмады. Ал «комедия-мюзикл» жанрында Питер Фареллидің «Жасыл кітап» фильмі үздік шықты. «Ең үздік режиссер» атағына мексикалық Альфонсо Куарон ие. Оның «Римі» шет тіліндегі ең үздік фильм атанды. Айта кетейік, дәл осы «Алтын глобус» америкалық кино жүлделерінің маусымын ашады. Сондықтан бұл жүлдеге ие болғандар «Оскар» сыйлығына басты үміткер саналады.