jasqazaq.kz

Алты жасар баланы 19-шы ғасырға тіркеп қойған

15 қараша 2018, 15:56

Халыққа қызмет көрсету орталығы қарағандылық баланың анасына ұлының 19 ғасырда тіркелгенін растайтын мекенжай анықтамасын берген деп жазады NUR.KZ.

Бір қарағанда жай ғана ағаттық болып көрінетін нәрсе, болашақта бала үшін үлкен қиындыққа айналмақ. Ол балалар психоневрологиялық диспансерінен жедел медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылып қалуы мүмкін.

Балақай жүйке жүйесі мен сөйлеудегі даму ауытқушылығына шалдыққан екен.
Ұл баланың анасы алған мекенжай анықтамасында бүлдіршіннің тіркеуге 19-шы ғасырда алынғаны мәлімделген.

Диспансерге жүгінгенде дәрігерлер мұндай құжатты алудан бас тартып, қатені түзетіп әкелуге кеңес беріпті.

Алайда ағаттықты жөндеу тек ІІМ орталықтандырылған жүйесінде ғана іске асатын болып шықты.

«Мен миграциялық полиция қызметкерлеріне келіп, мәліметтерді жөндеп беруін сұраған едім. Бірақ, олар маған ұлымды басқа мекенжай бойынша тіркеу керектігін айтты» , — деді Анна Погосова.
2012 жылдың 28 тамызында дүниеге келген баланы не себепті 19-шы ғасырға жазып қойғаны белгісіз. Туыла сала тіркелінетін құжатта 1899 жылдың қайдан алынғаны белгісіз.

ХҚКО порталдың тілшісіне миграциялық полицияның жүйесіне қатысты пікір білдіре алмайтындарын түсіндірді. Олардың мәлімдеуінше, орталықтың бұл жүйеге кіру құқығы жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде