jasqazaq.kz

Алты тұтқын жерді қасықпен қазып, түрмеден қашып кеткен (Видео)

07 қыркүйек 2021, 12:02

Израиль билігі Гольбоа жотасындағы түрмеден қашқан алты тұтқынды іздестіріп жатыр. Олар бірнеше ай бойы өздері отырған камерадан қасықпен жер асты жолын қазған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Басылымның жазуынша, қашқындардың арасында «Әль-Акса бригадасының» көшбасшысы Захария Збейди де бар. Ол бірнеше Израиль азаматын өлтірді деп айыпталған. Қалған бесеуі – «Ислам жиһады» қозғалысының мүшелері. Олардың барлығы өмір бойы бас бостандығынан айырылған. «Шин Бет» қауіпсіздік қызметі «қашқындар түрмеге заңсыз кіргізілген ұялы телефон арқылы сырттағы адамдармен байланыста болды» деп есептейді. Олардың болжамынша, тунель сыртында қашқындарды көлік күтіп тұрған. Қазіргі уақытта Израильде тұтқындарды іздеу операциясы жүріп жатыр. Билік олар Иорданияға өтіп кетуі мүмкін деп қауіптенеді. Себебі, қазылған тунельден Иордания 14 шақырым қашықтықта орналасқан екен.

Ал ХАМАС ұйымының өкілдері тұтқындардың қашуын «үлкен жеңіс» деп атаған.

nur.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия