jasqazaq.kz

Алты өңірде жолдар жабылды

16 қантар 2022, 15:50

Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, бұрқасын, шектеулі көріну) алты өңірде: Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет« РМК дерегінше, өңірлерде бұрқасын, қар, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. ТЖМ жедел штабы жол қызметтері, ІІМ, Қазгидромет және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп жұмыс істеуде. Жабық учаскелерде жолдарды қардан тазалау үшін арнайы техникалар жұмылдырылды. Арнайы бекеттерде құтқарушылар мен полиция қызметкерлері кезекшілік етуде. Жылыту пункттері іске қосылды.

Көлік нөпірінің жиналуына байланысты полиция және жол қызметтері кезек-кезегімен автоколонналарды ілестіріп, діттеген жеріне жеткізуде. «Азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырамыз. Қажетті сақтық шараларын сақтаңыз. Қысқы кезеңде елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарына шығуды жоспарламас бұрын міндетті түрде алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамымен танысқан жөн», деп ескертеді ҚР ТЖМ.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр