jasqazaq.kz

Алты облыста жол жабылды

12 қантар 2018, 11:54

Қазақстанның алты облысында боранға байланысты автокөліктің барлық түрі үшін барлық бағытта жолдар жабылды, деп хабарлайды «Қазақавтожол» РМК.

Ақпаратқа сәйкес, Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан көліктің барлық түрі үшін барлық бағытта қозғалыс тоқтатылды.

Шығыс Қазақстан облысында Павлодар облысының шекарасы-Бесқарағай ауылы, республикалық маңыздағы «Омбы-Майқапшағай» (667-587 км) тас жолында қозғалыс жабылды.
Қарағанды облысында барлық бағыт бойынша жол қозғалысы тоқтады.

Павлодар облысында барлық автокөлік түрі үшін барлық бағытта жол жабық.

Қостанай облысында облыстық маңыздағы «Арқалық-Торғай» (0-287 км), «Әулиекөл-Жолдама» (0-257 км) автожолдарының учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Солтүстік Қазақстан облысында «Астана-Петропавл» (0-341 км) А-1 автожолы учаскесінде, Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан Көкшетау бағытына шығатын жолаушылар көліктері үшін қозғалыс шектелді. Сондай-ақ, Айыртау, Ақжар, Ғ.Мүсірепов, Тайынша, Уәлиханов аудандарында автокөліктің барлық түрі үшін облыстық маңыздағы тас жолдарда қозғалыс тоқтатылды.

sputniknews.kz

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды