jasqazaq.kz

Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20 қазан 2021, 17:48

Ертең алты облыста ауа райы күрт құбылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

21 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан жел түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді. Ертең күндіз Петропавлда жаңбыр, қар жауады, көктайғақ болады, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. 21 қазанда түстен кейін Түркістан облысының таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде таулы аудандарда күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, таулы аудандарда екпіні 23 м/с жетеді. Ертең түстен кейін Шымкентте қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с жетеді. Ертең күндіз Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. 21 қазанда Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. 21 қазанда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетіп шаңды дауылға ұласады. 21 қазанда түстен кейін Ақмола облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкн. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік батысқа ауысады облыстың солтүстік-батысында күші 15-20 м/с жетеді. 21 қазан Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр