jasqazaq.kz

Алтай Көлгінов: Бұғатталған барлық қаражат мемлекетке қайтарылуы тиіс

17 шiлде 2019, 12:29

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Аstana LRT жобасы бойынша бұғатталған қаржыны мемлекетке қайтаруды тапсырды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Мемлкет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырсында бюджетті тиімді игеру бойынша ауқымды тапсырмалар бергенін еске салған Алтай Көлгінов Аstana LRT жобасы жайлы сөз қозғады. «Мемлекет басшысы бюджеттің тиімді игерілмей жатқанын сынға алды. Аstana LRT жобасы да аталып, оның құны тым жоғары екені, өзін ақтайтыны күмәнді екені айтылды. Қазір Үкіметпен бірге құрылыс құнын оңтайландыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. «Астана» банкінің ЛРТ құрылысы бойынша бұғатталған барлық қаражаты мемлекетке қайтарылуы тиіс», — деген қала әкімі алдағы уақытта бюджеттік бағдарламалардың қайта жасалатынын жеткізді. «Имидждік жобалардан тартыну қажет болады. Президент бұл тұрғыда айқын мақсат қойды. Бюджеттік жобалар «Не үшін қажет» және «Әлеуметтік-экономикалық тиімділігі қандай» деген ең қарапайым екі сауалға жауап беру тиіс екенін атап өтті. Расымен де жобаны дайындағанда техникалық-экономикалық құжаттама мен жобалық сметасынан бұрын қандай әлеуметтік-экономикалық мәселені шешетініне бас ауырту қажет», — деді Алтай Көлгінов.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық