jasqazaq.kz

Альпінің жүзімі

11 қазан 2017, 11:52

Альпі тауының етегіндегі елдер туризм, қысқы спорт түрлерімен ғана емес, ауыл шаруашылығы өнімдерімен де әйгілі. Әсіресе, жүзім өсіру – атакәсіп. Тәтті жүзімнен дәрі-дәрмектен бастап, шырын мен шараптың түр-түрін шығаратыны белгілі.

Сырттан саяхатшы тартуда әлемде алдыңғы қатарда тұрған Аустрия да осы саланың әлеуетін пайдалану арқылы туристік фирмалар мен фермерлік қожалықтардың шетелдермен байланысын жандандыруды қолға алмақшы. Осы Қазақстандағы елшілігіндегі сауда аташесі Михаель Мюллердің айтуынша, бұл істің көкжиегі кең. Осы мақсатпен Алматыда аустриялық шараптарды біздің нарыққа таныстыруға арналған басқосу өткізілді. Ерлі-зайыпты Анна және Филипп Оберауэрлер Аустрия сауда палатасы арқылы жүзім өсірушілердің өнімдерін біздің мамандардың талғамына ұсынды. Алматыда туып, өскен Анна осы саланы зерттеп жүргенін айта келе, осылай екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты жандандыруға күш салғысы келетінін мәлімдеді.

Теңіз Тасыбек 

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты