jasqazaq.kz

Альпі тауларында мұздықтар опырылып, 15 адам із-түзсіз кетті

04 шiлде 2022, 9:50

Доломит Альпілерінде мұздықтардың еруінен қаза тапқандар саны алты адамға жетті. Бұл туралы  Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

9 адам зардап шекті. Жоғалған 15 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 3500 метр биіктікте құтқару жұмысы жүріп жатыр.

Қайғылы оқиға Тренто провинциясында, Апеннин түбегінің ең үлкен мұздығы Мармоладада болған.

Екі топ альпинист тау басына көтеріліп жатқан кезде мұз, қар және тастың алып бөлігі 300 км/сағ жылдамдықпен опырылып құлаған.

Италиялық БАҚ хабарлауынша, олардың арасында шетелдіктер де болуы мүмкін.

Премьер-министр Марио Драги қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

Мұз массасының опырылуы мұздықтың жоғарғы жағында Цельсий бойынша +10 градус температура рекорды тіркелгеннен кейін келесі күні орын алды.

Құтқарушылар жаңа құлау қаупі бар екенін ескертіп отыр.

Экологтардың айтуынша, соңғы жиырма жылда мұздықтың ауданы үштен бірге қысқарған.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр