jasqazaq.kz

Альмира Тұрсынның ат үстінде отырған видеосы күлкілі (видео)

10 сәуiр 2018, 15:21

«Томирис» фильмінде басты рөлде ойнайтын Альмира Тұрсынның ат үстіндегі әзілі Қазнет қолданушыларын күлдірді. Қыз бала қысқа ғана видео роликті Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
Tengrinews хабарлағандай, видеода ірі планмен патшайым Томирис (Альмир Тұрсын) ат үстінде жазық далада қылыш ұстап шауып келе жатады. Содан кейін камера басты кейіпкерден алшақтаған кезде ғана аттың бір орында тұрғаны белгілі болады. Пікір қалдырушылар әртіс қыздың әзілін жақсы қабылдады. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Сатайфильм» кинокомпаниясымен бірлесіп, «Томирис» атты тарихи жобаны түсіріп жатыр. Киностудияның мәліметінше, бұл картинада ұлы даланың аты аңызға айналған Томирис патшайымы туралы баяндалады. Фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айырылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдыры баяндалады. Ол махаббат пен өз халқының тәуелсіздігі үшін сол замандағы ең қияметті соғыста Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасады.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=2&v=wQGm-CnHtqs

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді