jasqazaq.kz

Алматының шетінен жарылғыш заттар мен оқ-дәрілер табылды (Видео)

15 ақпан 2022, 10:46

Алматының шетінде оқ-дәрі мен «Молотов коктейлі» жасырылған орын табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Табылған затқа «Дархан» ықшамауданының тұрғыны тап болған, ол бірден дабыл қаққан.

«102 пультіне хабар берген азаматтың айтуынша, ол туннельден оқ-дәрі салынған пакет тауып алған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеру нәтижесінде гранаталар, 5,45 мм калибрлі патрондар, 9 мм калибрлі патрондар, 2,3 калибрлі патрондар, саны бойынша противогаз, револьвер, сонымен қатар, «Молотов коктейлін» тәркіледі. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлімі бойынша тіркелді. Қару мен оқ-дәрiлердiң көрсетiлген жерде пайда болу мән-жайлары жедел іс-шаралар барысында анықталатын болады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Абырой болғанда, өмірге қауіп төндіретін заттар салынған пакетті балалар тауып алмады», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр