jasqazaq.kz

Алматының Саин көшесіндегі жол қозғалысына өзгерістер енгізілді

27 тамыз 2019, 11:11

Алматының Саин көшесіндегі жылдамдық режиміне өзгерістер енгізілді.

Бүгін сағат 00: 00-ден бастап әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолында 80 км/сағ жылдамдық рұқсат етілді. Тек Бағанашыл ықшамауданындағы Ходжанова көшесіне дейін және Кіші Желтоқсан көшесінде жоғары жылдамдық сағатына 60 шақырым сол күйінде қалды. Себебі, бұл учаскелерде қауіпті бұрылыстар көп. «Біз Саин көшесінің бойындағы жол жағдайы мен апаттар деңгейіне қосымша талдаулар жүргіздік. Нәтижесінде осы көшеде рұқсат етілген жылдамдық шегі 80 шақырымға дейін ұлғайтылады. «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің камералары техникалық қайта жөндеуден өткізіліп, жұмыс күнінің соңына дейін жол белгілері ауыстырылады», — дейді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев. Сонымен бірге, мегаполис полициясы жүргізушілер мен жүргіншілерге жол ережелерін сақтау және қала жолдарындағы қауіпсіздік шараларын ескеру керектігін айтты.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде