jasqazaq.kz

Алматының мемлекеттік қызметшілеріне ротациялаудың жаңа қағидасы түсіндірілді

02 желтоқсан 2020, 22:12


Мемлекет Басшысы а.ж.13 қарашасында мемлекеттік қызмет саласында қарастырылған кейбір актілерге өзгерістер енгізу туралы Жарлығына қол қойды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті мемлекеттік қызметшілерді ротациялау және ауыстыру жөнінде енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша онлайн вебинар өткізді.

Вебинардың спикері ретінде — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Дастан Секенов сөз сөйледі.
Вебинар өткізу барысында Департамент басшысы саяси қызметшілерді ротациялау институтының енгізілгенін атап өтті (бұрын ротация тек әкімшілік қызметшілерге қолданған болатын).

Сонымен қатар, «Б» корпусы қызметшілерін ротациялау туралы айтылып өтті. Яғни, әкімдіктің басқарма басшыларының аймақаралық ротациясы енгізілді (бұрын оларды ротациялау бір әкімдіктің ішінде болатын). Алайда аталған ротациялау Агенттіктің келісімімен жүзеге асырылады, яғни әкімдіктерде командалық ауысымдарға жол бермеу көзделген.
Осылардан бөлек, белгілі бір басшылық лауазымдарды, оның ішінде әр түрлі мемлекеттік органдарда жұмыс істеген «Б» корпусы қызметшілерін ерікті ротациялау енгізілді.

Сонымен бірге, «Б» корпусы қызметшілерін мемлекеттік органның ішінде ауыстыруға мүмкіндік берілді. Яғни, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органның ішінде ауысу тәртібімен тең лауазымға ауысуға және сол мемлекеттік органда соңғы екі жылда төменгі лауазымда жұмыс өтілі бар болған жағдайда жоғарғы лауазымға ауысуына болады.

Ротацияның негізгі мақсаты мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу, сондай-ақ қызметшілердің кәсіби әлеуеті мен басқарушылық тәжірбиесін дамыту және тиімді пайдалану болып табылатынын – спикер сөз барысында атап өтті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия