jasqazaq.kz

Алматының кей көшелерінде көлік жылдамдығы шектеледі

07 желтоқсан 2018, 15:02

Алматының бірқатар көшесінде көлік қозғалысы жылдамдығына шектеу енгізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаладағы көше атауларының жиі өзгеруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы еліміз бойынша жол апаты, соның салдарынан өлім-жітім бойынша бірінші орында тұрғаны құпия емес. Жол бойындағы адам өлімі жүргізушілердің жылдамдық режімін бұзу салдарынан жиі орын алып жататындығын білесіздер. Сондықтан түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігі туындап отыр. Сондықтан өткен жылы орталық көшелерде бір бағыттағы қозғалыс енгізіліп, жылдамдық сағатына 40 шақырымға шектелді», — деді Бауыржан Байбек. Әкімнің дерегінше, қабылданған шаралардың нәтижесінде мәселен, Құрманғазы көшесі бойындағы жол-көлік апаты 41 пайызға, ал Шевченко көшесінде 4 есеге қысқарған. «Сондықтан сарапшылар мен қоғамның негізгі бар талаптарын ескере отырып Әл-Фараби, Саин және шығыс айналма жолында сағатына 60 шақырымға дейін шектеу енгізіледі. Бұған дейін сағатына 80 шақырым болған. Бақылау жасау үшін 142 «ақылды» бекеттегі көрінбейтін аймаққа камералар орнатылады. Жылдамдықты небәрі сағатына 20 шақырымға төмендету арқылы ондаған өмірді құтқарып қалуға болады», — деді Бауыржан Байбек.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді