jasqazaq.kz

Алматының ішінде 26 полиция бекеті ұйымдастырылады

30 наурыз 2020, 17:19

#үйдеотыр

Алматыда карантиндік шараларды күшейту мақсатында қаланың ішінде 26 бекет ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты. «Осы мақсатта карантиндік шараларды күшейту үшін қалада жүріс бөлігін тарылту және шектеу белгілерін орнату арқылы 26 пост ұйымдастырылады. Төтенше жағдайдың режимін қасақана бұзатын автокөлік иелері ҚР ӘҚбК-нің 785 бабына сәйкес айыппұл тұрағына жөнелтілетін болады. 65 жастан асқан азаматтарға үйден немесе пәтерлерінен шықпау ұсынылады. Көшеде үлкен адамның қарауынсыз жүрген кәмелетке толмағандарға ерекше назар аударылады. Егер кәмелетке толмаған балалар көшеде жүргені анықталса, олардың ата-аналары немесе қамқоршылары ҚР ӘҚбК-нің 476 бабына (Төтенше жағдай режимін бұзу) сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады», — деді ПД басшысы Қанат Таймерденов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде