jasqazaq.kz

Алматының бір бөлігі екі күнге газдан ажыратылады

18 қазан 2021, 10:01

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы орташа қысымды Д-720 мм жерасты газ құбырында апатқа қарсы профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізілгені туралы хабарлайды.

Бостандық ауданының тұтынушыларына газды үздіксіз беруді қамтамасыз ету мақсатында газ құбырының учаскесін ауыстыру қажет.

Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 18-19 қазан аралығында әл-Фараби даңғылы — Тоқжайлау — Қожакеев көшесі — Подгорная; Мирас шағын ауданы, Лисянский көшесінен Нұр Алатау шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен объектілерде газбен жабдықтау ажыратылатын болады.

Қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АӨФ жөндеу-апаттық бригадалары тұтынушыларды газбен жабдықтау бойынша жұмыстың қалыпты режимін тез арада қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия