jasqazaq.kz

Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

24 желтоқсан 2020, 11:40

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің «Алматы қаласында коронавирус инфекцияның алдын алу жөніндегі шаралар туралы» жаңа қаулысы жарияланды.

Қаулыға сәйкес, мектепке дейінгі мекемелерде қосымша кезекші топтарды ашу және қала мектептерінде 1-ден 5-сыныпқа дейін қосымша кезекші сыныптарды ашу тоқтатылды. Сауда объектілерінің (сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда желілері, сауда үйлері) жұмыс күндері және демалыс, не мереке күндері сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Сонымен қатар, азық–түлік дүкендері мен базарлардың қызметі жұмыс және мереке, демалыс күндері сағат 17:00-ге дейін толтырылуы 30%-дан аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес болуы керек. Туризм объектілерінің жұмысы тестілеу режимінде белгіленген шектеу шараларын сақтай отырып жалғасады.

«Медеу» спорттық-сауықтыру орталығы мен «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының қызметіне рұқсат. «Медеу» мұз айдынының әр сессияда 750 адамнан қабылдауына болады. Ал «Шымбұлақ» курортына келушілердің саны 30% -дан аспауы тиіс. Көңіл көтеру мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік, түнгі клубтар мен ойын клубтары, боулинг орталықтары, балалар спорты мен ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар және букмекерлік кеңселер мен лотереялық клубтардың) қызметіне тыйым салынады; Банкет және басқа да шара өткізуге тыйым салынады.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия